ЖҰМЫССЫЗДАРҒА ЖӘРМЕҢКЕ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ
Арал аудандық мәдениет үйінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ғ.Мүсірепов ауданының жұмыспен қамту бөлім басшысының орынбасары Б.Шегебаев пен жұмыспен қамту орталығының директоры Н.Темірғалиев, Тимирязев ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Н.Жарасбаев және Павлодар облысына қарасты Шербақты ауданы Галкино ауылдық округінің әкімі Қ.Кулумбенов және Лебяжі ауданы Шака ауылдық округінің әкімі Т.Шаурманов қатысты.
Ерікті түрде қоныстандыруға байланысты ұйымдастырылған жәрмеңкеге арнайы қамтылған аудандық жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері, ауданға қарасты қала, кент, ауылдық округ әкімдері және тұрғындарына делегация өкілдері әр түрлі мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Жалпы Қызылорда облысының тұрғындарына 2000 жуық бос жұмыс орындарына сұраныстар түсіп отыр.