» » Жалақы төленетін тәжірибе

Жалақы төленетін тәжірибе

  Қазақстанның еңбек нарығында соңғы 12 жылда оң серпін байқалады.
2006 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді халық санының 11%-ға өсуімен бірге жалдамалы қызметкерлер саны 1,5 млн.адамға артты, жұмыссыздар саны 178 мың адамға және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 448 мың адамға азайды. Жұмыссыздық деңгейі (жалпы, жастар) орта есеппен 47%-ға қысқарды және бүгінде экономикалық белсенді халық санының 4,9%-ын (455 мың) құрайды. "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында 770 мың азамат мемлекеттік қолдау шараларын алды, нәтижесінде 580 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Сонымен қатар еңбек нарығына да, одан әрі экономикалық өсуге де әсер ететін мынадай жүйелік мәселелер сақталуда: біріншіден, еңбек ресурстарының төмен сапасы; екіншіден, нәтижесіз жұмыспен қамту; үшіншіден, экономикадағы жұмыс орындарының жеткіліксіз генерациясы.
Еліміздің еңбек нарығының жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарламалардың бірі – жастар тәжірибесі. Жастар тәжірибесі – еңбек қызметінің түрі, жүзеге асырылатын білім беру ұйымдарының түлектері білім беру бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін, жоғары және жоғары оқу орнынан кейін алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесі. Жастар іс-тәжірибесі уақытша жұмыс орындарын құру жолымен ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар: Жастар практикасы ҚР Үкіметінің 29.12.2016 ж. №919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуына арналған; Жастар қатысушыларының еңбегіне ақы төлеу республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған көздерден жүргізіледі; Жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланылмайды. Егер Қызылорда облысын қарастырсақ, облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың басынан бері жастар тәжірибесіне жоспар бойынша 1395 адам жіберілген. Кәсіпорындар мен ұйымдарда 740 адам тәжірибеден өтіп, оны аяқтағаннан кейін 125 жас маман жұмысқа орналастырылған.
Бұл – жастар үшін бастапқы тәжірибе жинаудың, кейіннен жұмысқа орналасудың жақсы мүмкіндігі. Жастар тәжірибесі еліміздің барлық өңірінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы іске асырылуда. Бағдарлама шарттары бойынша жас маман меншік нысанына қарамастан кез келген ұйымда практикадан өте алады. Мемлекет оның жалақысын толық төлейді. Жұмыс беруші өз қалауы бойынша практикантқа қосымша ақы төлей алады, оның жұмыс шарттарын, орындалатын міндеттер көлемін анықтай алады. Тәжірибеден алты ай бойы өту керек, одан кейін жұмыс берушінің бастамасымен және жастар тәжірибесіне қатысушының келісімімен тұрақты жұмыс алуға болады.
Гүлнұр ҚАБАҚОВА,
ҚМУ оқытушысы
12 сәуір 2019 ж. 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031