Мажарстан үкіметіндегі сегіз министрдің екеуі - қыпшақ
Қазақстандағы Мажарстан елшісі Андраш Барани Венгрия үкіметіндегі сегіз министрдің екеуі қыпшақ екенін айтты. Бұл туралы ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді.
«Біз мажарлар - тариxы көшпенділерден бастау алған Еуропадағы жалғыз елміз. Мың жыл бұрынғы салт-дәстүріміз қазірге дейін сақталып келеді. Біздің ата-бабамыз оңтүстік Орал, батыс Сібір мен Қазақстанның батысын мекендеген. Орталық Венгрияда екі облыс Ұлы және Кіші Құмания деп аталды. 200 мыңнан астам қыпшақ ұрпақтары өз тілдерін жоғалтса да, қазірге дейін тегін сақтап келеді», - деді Қазақстандағы Мажарстан елшісі Андраш Барани.
Ол Мажарстан үкіметінде отырған 8 министрдің екеуі қыпшақ екенін атап өтті.
«Венгрия үкіметінде 8 министр бар, оның екеуі - қыпшақ. Ұлы және кіші Құманиядан шыққан қыпшақ ұрпақтары - Ұлттық экономика министрі мен Ауыл шаруашлығы министрі. Олар Қазақстанға жиі келіп тұрады. Ұлттық экономика министрі ЭКСПО-2017 ашылуында болды. Қазақтар бізбен туыс xалық. Венгерлер ата-бабасының қайдан шыққанын білу үшін Қазақстанға келіп тұрады», - деді ол.