» Венгрия үкіметі қазақстандықтарға 200 білім грантын тағайындады

Венгрия үкіметі қазақстандықтарға 200 білім грантын тағайындады

Венгрия үкіметі Қазақстанмен арадағы дипломатиялық қатынастың 25 жылдығына орай қазақстандықтарға 2018 жылға арналған 200 білім грантын бөлді. Бұл туралы ҚР-дағы Венгрия елшісі Андраш Барани Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді.

«2017 жылдың басты оқиғаларының бірі ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырзаның қатысуымен ҚР және Мажарстан арасындағы дипломатиялық қатынастың 25 жылдығын тойлау аясында білім саласындағы ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойылды. Биылғы оқу жылынан бастап венгрлік ЖОО-лар қазақстандық студенттер үшін 200 білім грантын бөліп отыр», - деді ҚР-лағы Венгрия елшісі Андраш Барани.
Мажарстан үкіметі бөлген 200 гранттың 90-ы – бакалавриатқа, 90-ы – магистратураға, 20-сы – доктарантураға тиесілі.
Бұл білім грантын иелену үшін 2018 жылдың 16 ақпанына дейін онлайн тіркеу жүреді. Осы тіркеу арқылы кез келген студент қандай университет барын, қандай мамандықтарға тапсыруға болатынын біледі. Онлайн тіркеуден өткен үміткердің құжаттары 23 ақпанға дейін қабылданады. Соңғы шешімді Мажарстан тарапы қабылдайды.
«Білім гранты иелері тегін жатақxана, ай сайынғы шәкіртақы және тегін медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіледі», - деді ол.
Құжат тапсыратын азаматтар 2000 жылдың 31 тамызынан бұрын дүниеге келуі, яғни 2018 жылы 1 қыркүйекке дейін 18-ге толуы тиіс.
---
20 желтоқсан 2017 ж. 979 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031