» ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

 Елбасының биылғы Жолдауының тоғызыншы бағытында көрсетілген жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін дамыту мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында  «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік індет» атты пікір алмасу өтті.
Аталмыш шараға ҚР Мемлекеттік қызметтік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің қызметкері  А.Сәлімжанқызы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы, М.Жүсіпбекова, педагогика ғылымдарының магистрі А.Нұрымбетова,  «Болашақ» колледжінің құқықтану пәнінің оқытушысы Д.Серкебаев, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің оқытушылары қатысып, жастарға құқықтық мәдениетімізді көтеретін, сыбайлас жемқорлық фактісі белгілі болса немесе осыған араласуға  мәжбүр болған жағдайда, міндетті түрде уәкілетті органға, болмаса құқық қорғау органдарына хабарлап, жемқорларды әшкерелеу азаматтық парыз екенін айтты.
Бұл мәселені талдауға  «Болашақ» колледжінің студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кешенді, ұдайы жүргізілгенде  ғана оған билік те, қоғам да ат салысса ойдағыдай нәтиже беретінін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы елдің саяси басшылығының ең жоғарғы  деңгейде тығыз ынтымақтастықта  жүзеге  асырылуға тиіс екенін жан-жақты талқыланды.
---
01 наурыз 2018 ж. 1 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031