Жыл мақтанышы
Елбасы Астана төрінде үздiк кәсiпорындарға «Алтын сапа» сыйлығын табыстаны мәлім. Онда«Абзал және К» толық серіктестігі «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік және ауылшаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясын иеленіп, жыл мақтанышына айналды. «Абзал және К» толық серіктестігі – ауыл шаруашылығы, оның ішінде еліміздің күріш индустриясын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді. Нәтижесінде компания республика бойынша күріш өндірісі үздіктерінің үштігіне кіреді. Бүгінде компания «Янтарь», «Лидер», «Анаит», «Фаворит» ақ күріштерін, «Камолино» сынды күріш жармасын түр-түрімен өндіреді. Өндірістің ең көп ауқымды бөлігін «Янтарь», «Лидер» күріші және «Камолино» күріш жармасының түрлі сұрыптамасы құрайды. Өнімге сұраныс та жоғары. Мәселен Ресей, Әзербайжан, Украина, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан нарығында көш бастап тұр.