» Адам – робот

Адам – робот

  Қазір роботтың түрі көп. Мирайкан музейіндегі Хонданың Асимо атты роботы 18 жыл бұрын доп теуіп, өлең айтып халықты таңғалдырған. Одан бері техниканың сан алуан түрін меңгерген роботтар дүниеге келді. Айтқаныңды екі етпейді, тек жасанды сана мен жүрегінің жоқтығы басты кемшілік екені рас. Соңғы кезде ғалымдар роботты адамға теңестіреміз деп ұмтылды. Бірақ бұл процесстен адамзат керісінше роботқа «айнала» бастады...
Жақында әлеуметтік желіден мынадай жазбаны көзім шалды. «Қазақ неге кредит алғыш болып кетті?» деп мәселе көтеріпті автор. «Себебі туыстық қарым-қатынас суып кетті. Иә ақшадан қиналсаң, бірінші еске туыстар келеді ғой. Бірақ суырып беретін бір туыс жоқ. Неге? Өйткені туыспен байланысты бұзып алғанбыз. Бұрынғыдай себепсіз қонақтап, қыдырып бармаймыз. Қазірде «қонаққа» барамыз. Үш-төрт сағат отырамыз ба, жоқ па? «Ал кеттік» дегенде басымен соткаға кіріп кеткен баламыз елең етеді, ереді. Ол телефон түрткілеп отырып, үйдің баласымен сөйлескен де, табысқан да жоқ. Осыны қонаққа бару, туыспен байланыс ұстау дейміз. Осылай ер жеткендер ертең ағасының баласын өз бауырындай қабылдай алмайды.  Бөтенсінеді. Бөтенге ешкім көмектеспейді. Сосын ол банкке барады...» деп түйіндепті.
Интернеттің алысты жақындатқаны рас, есесіне қасымыздағы бауырды қашықтатты. Кейде аға буынның айтпағын бүгінгілер түсінбейтіні бар. «Бұрын ата-бабаларымыз...» деп басталған әңгіме жасөспірім үшін қызықсыз. Осылай екі буын арасында алшақтық пайда болды. Енді ойлап қарасаңыз, әңгіме аясы тар, амандық-саулықтан әрі аспайтын туысқандық ортада ешкім бауыр болып жарытпайды. Қазір психолог, мотивация беруші тренерлердің рөлі бұрынғы ағайынның атқаратын қызметі еді. Еңсесі түскеннің тірлігін түзеу үшін туысқаны келелі ой, кесімді пікір айтатын. Үй салып не басқа бастама көтерсе, асарлатып тағы да сол ағайын жүретін. Бүгінде әр үйдің өз шекарасы, туысқанмен араласу мәдениеті қалыптасқан, себепсіз ешкім туысқан үйін араламайды. Оған қызмет бабының да әсері бар. Күні бойы жұмысқа беріліп, кешке бас қосатын отбасыға кез келген туысқаны сау етіп кіріп келмейтіні  шындық. Бәрі түсіністік танытқандай болады, бірақ ағайын арасы осылай суына береді.
Жуырда айтыскер ақын Мұхтар Ниязов Facebook парақшасында былай деп жазыпты. «Туысқандық қарым-қатынас деген келгенге бару, бергенге беру емес, анығында келмегенге бару, бермегенге беру. Таспен ұрғанды аспен ұру. Солай ғана сен күндеуші кейбір ағайынға үлгі бола аласың» дейді.
Анығында адам жаны «тастай берік, гүлдей нәзік». Бірақ 24 сағат жаһанданудың көшіне ілесеміз деп жүріп, көп нәрсені ескермейтініміз бар. Кейде «робот «Асимодан» артықшалығымыз неде?» деген ой келеді. Робот адамның көп тірлігін бітіреді, сөйлейді, жүреді, тек сезінбейді, туысқанды қажет етпейді. Көп таразы, көңіл қазы. Сіз не дейсіз?
Гүлдана ЖҰМАДИН
---
21 ақпан 2019 ж. 863 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031