» » Үстел теннисінен жаттықтыратын робот пайда болды

Үстел теннисінен жаттықтыратын робот пайда болды

Үстел теннисін ойнауды жаны қалайтындар үшін жағымды жаңалық. Лас-Вегас қаласында өткен Тұрмыстық электроникаға арналған халықаралық көрмеде ойынның бұл түрін жетік меңгерген құлтемір таныстырылды. Аппарат пинг-понгтың қыр-сырын біліп қана қоймай, қарсыласын жаттықтыра алады. Роботқа Форфеус деген атау берілген. Құрастырушылардың айтуынша, ол ракеткамен секундына 80 рет соққы жасай алады. Оған қоса жасанды түйсіктің көмегімен қарсыласының қай бұрышқа соққы бағыттайтынын бақылайды. Айта кетейік, Тұрмыстық электроникаға арналған халықаралық көрме Лас-Вегаста 1967 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Кит Керстен, маркетинг бойынша менеджер:   – Ойын барысында робот қарсыласының деңгейін анықтай алады. Осының арқасында, егер шеберлігің төмен болса, соған сай ойын өрнегін көсетеді. Шеберлігің шыңдалған сайын ол да жылдамдығын арттыра түседі. Осылайша спортшының деңгейі жоғарылайды.

15 қаңтар 2018 ж. 1 051 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031