» Ботақан сыйлықтары

Ботақан сыйлықтары

A`lleumettik joba

    Қызылордаға қарасты Қосшыңырау ауылдық округінің тұрғыны Ботагөз Тұрсынтаева "Ботақан сыйлықтары" орталығын ашты. Басты мақсат – тұрғындарға полиграфиялық және топографиялық сублимациялық қызметті жақын жерден қамтамасыз ету.
Ауыл тұрғынының қалаға барып-келуі үшін төрт-бес сағат жоғалтары анық. Ал мұғалімнің жұмысы өзіңізге белгілі. Қағаздан көз ашпайды. Әлсін-әлсін көшірме жасатады. Одан қалды аптасына екі рет ашық сабақ өткізеді. Оған да дайындық керек-ақ. Баннер іледі, плакаттарға сурет жабыстырады. Сөйтіп көп шаруа тындырады. Бүгінде Ботагөздің көмегімен ауыл тұрғындары Бейбітшілік көшесіне ат басын бұратын болды. Осылайша ауылдағы балабақша, мектеп оқушылары Ботагөздің қызметін пайдаланып келеді. Мерекеде бір-біріне сыйлық тапсырады. Бірі футболкаға, енді бірі кружкаға қалаған адамның суретімен қоса тілек жазады. Ботагөз көбіне-көп әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға, зейнеткерлерге тегін қызмет көрсетеді. Ал тізімді әкімшіліктен алған.
– Өзім жарнама агенттігінде жұмыс істедім. Сол кезде ауылдан қатынап келіп жатқан көп адамдарды кездестірдім. Оның ішінде мұғалімдер полиграфиялық, топографиялық қызметті көп пайдаланады екен. Неге ауылдан орталық ашпасқа деген ой келді. Қазіргі таңда маған қолдау білдіріп, көмектесіп жатқан жандар жетерлік. Олар Жадыра, Нұрсұлтан, Сая, Айсұлу есімді қыз-жігіттер, – дейді Ботагөз Ғаниқызы.
Көшірме, қағаз жазу, футболка, кружкаға сурет салу, баннер, стендтер мозайка, портрет барлығы да Ботагөздің қолынан шығады. Тек үлкен көлемді затты қаладан алдыртады.
"Биыл – жастар жылы. Алға қойған жоспарларым көп. Болашаққа деген үмітім де зор. Жастар жылында жастарға жылдағыдан бетер қолдау көрсетіледі. Кәсібін болсын, идеясы болсын орындауына мүмкіндік мол. Біздің жастарға ізденіс керек. Өзінің белсенділігін көрсету арқылы жетістікке қол жеткізеді. Мен де болашақта халыққа септігім тиетін іспен айналысқым келеді", – дейді ол бізбен әңгімесінде.
Ботагөз жобаға бөлінген қаржыға қажетті құрал алды. Қасына жұмыссыз жастарды топтастырып, оларға жұмыс берді. Осылайша  төрт жас NEET санатындағы жастар тізімінен шығарылды. Ауыл тұрғындары әлеуметтік жобаның игілігін көруде. Игілікті іске ынтасымен кіріскен Ботагөзге алғыс білдірдік.
Мөлдір САБЫРЖАН
---
21 ақпан 2019 ж. 721 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031