» » БАЛДЫРҒАН ЖӘНЕ ОНЫҢ РЕДАКТОРЫ

БАЛДЫРҒАН ЖӘНЕ ОНЫҢ РЕДАКТОРЫ

Ауылдың айтқыштары

Ертеде «Октябрь» колхозының басшысы ауысып, оның орнына «Комсомол» совхозынан бір мектеп директоры келіпті. Орнына жайғасқан соң хатшысына ауылдағы кісіге ат қойғыш Байжан деген ақсақалды шақыруды тапсырады. Таңертең кеңсе алдына келсе, ауылдың бір топ қожа шалдары қауқылдасып тұр екен.

Байекең ойында еш күмән жоқ, жаңа басшы мені неге шықырып жатыр екен деп кеңсеге кіреді. Басшы өз орнында отырып, алдындағы орындықты нұсқайды.
– Мені жай шақырдыңыз ба?
– Байеке, сізді ауыл адамдарынан жаңа келген кісіге ат қойғыш деп естіп едім. «Комсомолдан» келген мектеп директорына ешқандай ат қоймауыңызды өтінемін, – депті.
Басшы қабылдауынан шығып бара жатып, «мына шілтікбас маған ат қоймаңызшы деген несі» депті ақсақал. Сол сөз хатшы аузынан бүкіл елге тарап, әлгі басшы «Шілтікбас» атанып кетіпті. Осындай аузы дуалы кісілерден ауыл басшылары қаймығатын.
Халқымыз «сынықтан басқаның бәрі жұғады» деп бекер айтпаса керек. Байекеңнің ерекше қасиеті ауыл тұрғыны Тәуіштің де бойында бар. «Біздің Тәуіш кісіге ат қойғыш» деп тегінен-тегін айтпаса керек. Тәуіш аттас абысындарына «Сары» немесе «Қара» десе, «Балдырған атты абысынын «Журнал» деп атап, оның жолдасын «Редактор» қайын аға дейді екен. Ауыл тұрғындары да осылай айтып кетті. Тұрғындардың бір-біріне деген сыйластығының жарасымды көрінісі осы болса керек.

Олжас ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ,
№191 мектептің 10 сынып оқушысы,
Сырдария ауданы.
12 наурыз 2018 ж. 1 986 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031