» ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ


Н.А.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінде қалалық білім бөлімі мен «Өрлеу» АҚ филиалы облыстық педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп, «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және  тәжірибе»  тақырыбында семинар өткізді.
      Семинардың ашылуынан кейін, мектеп фойесінде «Ұлы даланың жеті қыры – ұрпаққа ұлағат» және «Робототехниканы тізгіндеген өрендер» атты көрме өткізілді. Көшбасшылықты дамыту курсынан өткен ұстаздар  «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқудағы кедергілерді анықтау» тақырыбында коучинг жүргізді. Физика пәнінің мұғалімі М.Уәлиеваның 7 сынып оқушыларына өткізген ашық сабағы жоғары бағаланды.
Жанар Садықова
---
22 ақпан 2019 ж. 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031