Жас маман, алға бас қадам!
Жаңартылған білім беру мазмұнына сай жасалып жатқан жұмыстар оқушылардың білім сапасы арттырып, заман талабына сай үш тілді меңгеруге ықпал етеді. Осы мақсатта №39 «Қызылөзек» орта мектебінде түрлі бағыттаіс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, жас мамандардың кәсіби деңгейін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуда «Жас маман, алға бас қадам!» деген тақырыпта психологиялық тренинг өтті.
Тренингте «Ауа. Оттегі. Жылу» тақырыбында баяндама жасаған Р.Әбдиев химиялық реакциялар жасай отырып, оқушылар өз жұмысын өздері бағалауға дағдыланғанын білдірді. Ал 2 сынып оқушылары «Our body» тақырыбында өткен сабақта шет тілін үйренуге қызығушылықты арттыру үшін дидактикалық ойындар мен электронды оқулықтарды тиімді пайдаланды. Ал биология пәнінің мұғалімі Ж.Мұқанов сабақ барысында түрлі инновациялық әдіс-тәсілді қолданып, оқушылар білімді өздігінен игеру үшін бірнеше тапсырма жүктеді. Семинар соңында мектеп психологы С.Қалмағанбетова мен Ф.Түсіпбаева жас мамандармен тренингтің тиімділігі жөнінде ойларымен бөлісті.