» Министрлер кабинетінің жаңартылған құрамы қашан бекітіледі?

Министрлер кабинетінің жаңартылған құрамы қашан бекітіледі?


Мәжіліс депутаттары Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы қашан құрылатынын айтты. Мәжіліс депутаты Александр Сусловтың топшылауынша, тоғыз министрлікке жаңа басшы келуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасапStan.kz.

«Бүгін комитеттер (мәжілістің – ред.) өз министрлерін қарастырады. Меніңше, шамамен 9 министр», – дейді Суслов. Ал депутат Бақтияр Мәкеннің сөзінше, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саланы жақсартуға баса назар аударып отыр.
«Президент 12 (министрлік – ред.) деген санды атады. Үкіметте әлеуметтік саланың басшылығында өзгерістер болуы мүмкін
Қазіргі бағыт жалғасуы ықтимал. Бүгін мемлекет басшысы депутаттардың және үкіметтің проблемалық мәселелерді сол жаққа барып, орнында шешу керектігін нақты айтты. Бұл тұрғыда үкімет әлеуметтік мәселелерді шешуге деген көзқарасты өзгертуі керек шығар», – дейді Бақтияр Мәкен.
Сонымен қатар ол министрлер кабинетінің толық құрамы 27 ақпанда өтетін «Нұр Отан» партиясының съезіне дейін құрылатынын айтты.
Айта кетсек, бүгін мәжіліс депутаттары үкімет басшысы қызметіне Асқар Маминнің келуін мақұлдады. Олардың пікірінше, Мамин мемлекет басшысының тапсырмаларын орындай алады.
---
25 ақпан 2019 ж. 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930