» » » Депутаттар қаңтарда өңiрлердi аралайды

Депутаттар қаңтарда өңiрлердi аралайды

Мәжіліс депутаттары 2018 жылғы жұмысын өңірлердегi сайлаушылармен кездесуден бастамақ. Бұл туралы парламенттiң төменгі палатысының жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты.
«2018 жыл жақындап қалды. Біздің жаңа жылдағы жұмысымыз әрқашан сайлаушылармен кездесуден басталатынын бiлесiздер. Бұл халқымыз үшін, біз үшін өте қажетті әрi маңызды шаралар. Себебі, Елбасымыз бізге халықпен тікелей жұмыс жасап, еліміздің жаңғырту мақсаттарын түсіндіру туралы нақты тапсырма берген. Сондықтан, әр ауылға, әр қалаға барлық бастамаларды және оларды заң жағынан қолдау жұмыстарын жеткізу басты міндетіміз. Осы мақсатта Мәжіліс бюросының арнайы шешімі қабылданып, депутаттардың өңiрлерге сапары жоспарланып отыр. Бюро шешіміне сәйкес, депутаттар 2018 жылдың 3-12 қаңтары аралығында аймақтарды аралап, сайлаушылармен кездеседi», - деді Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс Төрағасы осы сессияда атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Оның мәлiметiнше, сессия басталғаннан бері Мәжіліс 80 заң жобасын жұмысқа алып, оның 42-сін қарап, мақұлдады. 12 заң жобасын Мәжіліс депутаттарының өздері әзірледі. Парламент қабылдаған заң жобаларының 27-сіне бүгінгi күнi Мемлекет басшысы қол қойып, олар заңдық күшіне енді.
27 желтоқсан 2017 ж. 935 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031