» Халық «Тамаша тарланын" еске алды

Халық «Тамаша тарланын" еске алды

  Қазақстанның халық әртісі, белгілі актер Құдайберген Сұлтанбаевтың есімін ұлықтау, шығармашылық жолын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырған «Күлкі думан» атты әзіл-сықақ отауының облыстық байқауы өз мәресіне жетті.
Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезең бойынша қатысушылар интермедияларында қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді сахналап, әзіл түрінде көрсетсе, екінші кезеңде пародия, монолог сынды түрлі жанрда өнерлерін ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша Арал аудандық мәдениет үйі жанындағы «Тамаша» халықтық әзіл-сықақ отауы бас жүлдені жеңіп алды. Қазылар алқасының шешімімен Қармақшы ауданы, Ақай ауылының «Достар-ай» әзіл-сықақ отауы І орынды, Шиелі ауданының «Қытық» әзіл-сықақ отауы ІІ орынды иеленді. Ал Арал ауданы, Аманөткел ауылының «Алдаспан» әзіл-сықақ отауы мен Жаңақорған ауданының «Күлеміз бе, қайтеміз?» әзіл-сықақ отауы, Қармақшы ауданының «Сүйінші» әзіл-сықақ отауы ІІІ орынды қанжығалады.
Мұнан өзге, байқауда өнер көрсеткен Жаңақорған ауданының «Жаңаша» халықтық әзіл-сықақ отауы, Арал ауданы, Қызылжар ауылының «Мысқыл» және Жалағаш ауданының «Әзілизация» әзіл-сықақ отауы алғыс хатпен марапатталды.
---
25 мамыр 2019 ж. 690 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031