» » Келін – ененің топырағынан

Келін – ененің топырағынан

  Қызылордада ене мен келін байқауы өтті.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының қолдауымен, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Ізет. Иба. Парасат» атты қалалық енелер мен келіндер байқауында енесі мен келінінен құралған 11 жұп бақ сынасып, байқау талабына сай өнер көрсетті. Байқауда қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жақай Бодықбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, бұндай байқаулардың жұртқа үлгі болатынын, тәрбиелік мәні зор екенін айтты. Қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсіп, өздерінің жан-жақты дайындығын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде К.Әмзеева мен Г.Құрымбаеваға бұйырды. Жүлделі І орынды А.Пазылова мен А.Арыстанбекова еншілесе, ІІ орынды Қызылжарма ауылынан келген ене Б.Ермағамбетова мен келін Қ.Абдуллаева иеленді. ІІІ орынды А.Байділдаева мен Қ.Жанғабылова алды.
06 сәуір 2019 ж. 788 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930