» БАС МУФТИ АУЫЗАШАР БЕРДІ

БАС МУФТИ АУЫЗАШАР БЕРДІ

  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы "Hayat palace" мейрамханасында ауызашар берді. Ауызашарға облыс әкімнің орынбасары Руслан Рүстемов, ел ағалары, ақындар, ардақты аналар, БАҚ және мемлекеттік мекеме қызметкерлері  жалпы 150-ге тарта адам келіп, жайылған дастарханнан дәм татты.
Жиналған көпшілікті қасиетті рамазан айымен облыс әкімнің орынбасары Руслан Рүстемов құттықтап, тілегін айтты. «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жиналған қауымға шынайы лебізін білдіріп: "Рамазан рухани-жаңару айы. Адамды тазалыққа, қоғамды рухани келісімге шақыратын рамазан айының маңызы аса жоғары. Алла Тағала айлардан-рамазанды, күндерден-жұманы, түндерден – Қадір түнін қасиетті етті. Мұсылман баласы үшін бұл айдың орны ерекше. Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай. Алла Тағала отбасымызға амандық, елімізге береке-бірлік нәсіп еткей", – деді. Сонымен қатар бас имам рамазан айының қадір-қасиеті туралы уағыз насихатын айтты. Ауызашар кешін ақындар жырмен әрлеп, әншілер тағылымды термелер орындады.
Ж.Жантай
---
23 мамыр 2019 ж. 606 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031