БАС МУФТИ АУЫЗАШАР БЕРДІ

Жиналған көпшілікті қасиетті рамазан айымен облыс әкімнің орынбасары Руслан Рүстемов құттықтап, тілегін айтты. «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жиналған қауымға шынайы лебізін білдіріп: "Рамазан рухани-жаңару айы. Адамды тазалыққа, қоғамды рухани келісімге шақыратын рамазан айының маңызы аса жоғары. Алла Тағала айлардан-рамазанды, күндерден-жұманы, түндерден – Қадір түнін қасиетті етті. Мұсылман баласы үшін бұл айдың орны ерекше. Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай. Алла Тағала отбасымызға амандық, елімізге береке-бірлік нәсіп еткей", – деді. Сонымен қатар бас имам рамазан айының қадір-қасиеті туралы уағыз насихатын айтты. Ауызашар кешін ақындар жырмен әрлеп, әншілер тағылымды термелер орындады.
Ж.Жантай