» ЕЛІМІЗГЕ ЖАҢА ТӘРТІП КЕЛЕДІ

ЕЛІМІЗГЕ ЖАҢА ТӘРТІП КЕЛЕДІ

  Технология дәурен құрған біздің ғасырымызда ештеңе де бір орында қалмайды. Жаңашылдық барлық саланы қамтығаны айғақ. Технология енді спортқа да келді. Футбол заманауи жаңалықтарға қаншама уақыт төтеп берсе де, енді көнбеске амалы қалмады. Алдымен видео-көмекші мен қосымша төреші қосылса, енді футбол тәртіптеріне тағы да бірнеше жаңалық еніп отыр. Жарты жылдың ішінде жаңа тәртіптер барлық футбол қауымдастықтарына жіберіліп, заң жүзінде бекітілді. Қазақстанда осы тәртіпті жүзеге асыру үшін төрешілер арнайы оқытылып, бірнеше семинар тренинг өтті.
Бұл тәртіптердің ішіндегі ең маңыздысы, ойын барысында доптың қолға жанасуы болып отыр. Қауіпті сәт кезінде доп байқаусызда ойыншының қолына тиіп кететін болса, онда сары қағаз көрсетілетін болды. Халықаралық футбол қауымдастығы тіпті қолдың қай жеріне доп тигенде айып белгіленетініне дейін көрсеткен. Ал сол айып добын орындау кезінде шабуылдаушы команда ойыншылары құрылған қабырғаға кедергі келтіре алмайтын болды.
Сонымен қатар заңдардың ішіндегі ең қатты пікір талас тудыртқаны – ойыншының алмасу үрдісі. Енді бұл жүйеге де өзгеріс енеді. Футбол саласының адамдары уақыт созу деген айлалы іске де жауап тапқан сыңайлы. Енді алаңдағы ойыншы орнын босату үшін алаңның арнайы бөлігіне келуі қажет емес. Ол өзі жақын орналасқан жерден шығып кете алады. Әзірге бұл заңның уақыт созудың қитұрқы әрекетіне қаншалықты балта шабатыны белгісіз.
Тағы бір маңызды тұс – доптың байқаусызда төрешіге тиіп кететін жағдайында болып тұр. Егер доп төрешіге тиіп кеткен соң шабуыл жалғасып, содан гол соғылатын болса, онда гол есепке алынбай, сол жерден доп ойынға қайта қосылады.
Жаңа тәртіптің негізгі бөлігі 8 бөліктен тұрғанымен, бұл жаңалықтар бірден жұмыс істеп кетеді деп айту да қиын. Футболшылардың барлығы оны түсініп, ресми матчтарда бастан өткеріп болмайынша біршама уақыт түсініспеушіліктер туындары анық. Жаңа тәртіптердің жанкүйерлердің барлығына бірдей ұнай қоюы да неғайбыл. Барлығын уақыт көрсете жатар.
---
29 мамыр 2019 ж. 587 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930