» 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

  Бұл туралы facebook-тегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. Оның айтуынша, елімізде 1,5 жыл бұрын іске қосылған проактив қызметі арқылы 70 мың баланың туу туралы құжаты рәсімделіп, бала тууға байланысты берілетін 13 мың жәрдемақы смс арқылы тағайындалды.

«Барлығын жеңілдетіп, оңтайландыру, электронды форматқа көшіру – цифрландыру принципінің негізі осы. Біз бүгінде аталған принципті орындап қана қоймай, халықтың алтын уақытын үнемдеуін де ойластырып, проактив қызметін енгіздік. Қолданысқа енген алғашқы проактив қызметі бала туумен байланысты. Мен бұл істің басы-қасында жүргенімді мақтан тұтамын. Бірнеше жылдан кейін проактив әдісі арқылы балабақша кезегіне тұрған 13 мың бүлдіршін бөбекжайға барады», – деп жазды өз парақшасында вице-министр. 
Бала тууына байланысты үш мемлекеттік қызметті бірден алуға мүмкіндік беретін проактив қызметі 2017 жылдың 29 желтоқсанында ҚР Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және egov.kz  порталының ақпараттық базасының интеграциялануы нәтижесінде бастау алды. Проактив қызметі аясында жаңа босанған аналарға құттықтау хабарламасы жолданып, перзентханадан шықпай-ақ, баланың туу туралы куәлігіне тапсырыс, әлеуметтік жәрдемақының тағайындалуына өтініш беріп, балабақша кезегіне тұру ұсынылады. Осылайша Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында алғашқы болып проактив әдісімен мемлекеттік қызметтер көрсететін елге айналды. Вице-министрдің жазуынша, бүгінде проактивті форматта мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақылардың тағайындалу реті оңтайландырылу үстінде.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметі
---
15 маусым 2019 ж. 516 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031