» “Аралтұзға” қытайлықтардың қатысы жоқ

“Аралтұзға” қытайлықтардың қатысы жоқ

 
Бірнеше күн бұрын Whats app әлеуметтік желісі арқылы Байқоңыр қаласының тұрғыны "Аралтұз" кәсіпорнын қытайлық инвесторлардың сатып алғандығы және кәсіпорын өніміне адам өміріне қауіп төндіретін зиянды заттар қосылғандығы туралы бейнежазба жолдаған болатын.  "Аралтұз"АҚ вице-президенті Нағашыбай Әуезханов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тұздың құрамында зиянды заттардың бар екендігі туралы қауесетті жоққа шығарды. Кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігі сөз болған жиынға облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Берденова және облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байгелді Байжан қатысты.
Кәсіпорын басшысының айтуынша, 90 жылдық тарихы бар кәсіпорында 1200 адам жұмыс істейді, оның барлығы дерлік жергілікті тұрғындар. Әрі мұнда өндірілетін өнім сапасы жағынан жоғары, стандартқа сай өндірілуде.
– Бейнежазбада айтылған ақпараттар шындыққа жанаспайтын, негізсіз дүние. Бізде тек қана қазақтар жұмыс жасайды, қытайлықтардың мүлдем қатысы жоқ. "Аралтұз" АҚ  Қазақстан мен басқа да бірқатар елдерді өз өнімдерімен қамтамасыз ететін, техникалық және ас тұзын өндіретін  негізгі өндіріс орны. Кәсіпорын қызметкерлері тұзды қазып алу процесінен бастап, тұтынушының қолына тигенге дейінгі барлық өңдеу жұмыстарын өздері атқарады. Сондай-ақ, өнімнің сапасын бақылауға арналған арнайы зертхана бар және барлық жұмыстар талаптарға сай жүргізіледі. Сондықтан тұздың сапасының жоғары екендігіне толық кепіл беремін, – деді Н.Әуезханов.
Брифинг барысында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байгелді Байжан бейнеүндеудің авторы өз әрекетін мойындағанын және бейнежазба жариялауға оның көрген түсі негіз болғанын мәлімдеді.
– Осы аталған факт бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі ҚР Қылмыстық кодексінің 174 бабының 1-бөлімімен, яғни «Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, тектік, топтық, діни алауыздықты қоздыру фактісімен сотқа дейінгі тіркеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында Байқоңыр қаласының тұрғыны Whats app әлеуметтік желісіндегі видеожазбаны жариялағанын мойындады, – деді Б.Байжан.
---
20 маусым 2019 ж. 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031