Алаң

                                                          Oi keshu
 «Тарихы мен мәдениетіне, тілі мен дініне қауіп төнген  ұлт бір күні тарихи сахнадағы рөлін тоқтатып, шаң басқан архивтерден ғана табылады» (Мұрат Мөңкеұлы). Олай болса біз құндылықтарымызды қаншалықты қадірлей алдық, қасиетін жете ұғындық па? Мәңгілік ел ұлттық идеясы аясында осы сұрақтарға жауап беріп көрейікші.
Біз – тарихын ұмытпаған, бабасын ұлықтаған, толарсақтан саз кешіп, ат ауыздығымен алысқан Керей мен Жәнібектің ұрпағымыз. Рас, бұл бізді шабыттандырады. Бірақ қазақтың қос қанатындай ағалы-інілі хандардың басынан кешкен қиындығынан, Абылайдың ел басқарудағы даналығынан, сан мың хан-сұлтандардың сипатынан бұрын қазіргі жастар өзге ұлттың тарихын жақсы біледі. Жеті атасын жаттауға жетесі жетіңкіремей жүрген жас буын көк жәшікте көрсеткен телесериал ішіндегі жеті әулеттің әр адамын зерделеп, үй қорыған итіне дейін дәріптейді. Отбасымызды дастарқан басына жиып, ешкімге есе жібермей, тіпті еркегіне едірейген үндінің әйелін, ата-анасының көзінше құшақтасуды ар көрмейтін түріктің қыз бен жігітін, арақты судай сіміретін кәрістің кәрі-жасын насихаттайтын телесериалын қымсынбай көретін деңгейге жеттік. Әрине жақсысы да бар. Алайда жиырма төрт сағаттың тең жартысында теледидар алдында телмірген біз үшін бұл аздық етеді. Бұл халі ұлт жанды азаматтардың намысына тиеді. Біз бен сіз баламызға мұны тәрбие  ретінде қалай айтармыз?
Тарих пен мәдениет қатар дамитынына талай алпауыт ел дәлел. Шүкір, тарихымыз терең, мәдениетіміз тұрақты. Алайда осыны жалғаушы топқа қаншалықты сенім арту үмітті ақтай ма? Эстрада «сахна саңлақтары» деп батыстық үлгіге еліктеген даңғазалық, кәріс жігіттеріне еліктеп қызтеке атанып жүргендер көп. Музыка жанның бірден-бір емдеушісі десек, «бұл қазаққа ем қонбай бейдауа арам өледі-ау» деп жүргендер бар. Кешегі Үкілі Ыбырай, Біржан сал, Ақан серілер қалыптастырған сара жол орнатқан ән мектебі «қай уақыт еншісінде қалып қойды?» деп таңданумен шектелеміз.
Сөз орайында бір әзіл еске түседі: «Ех, біз, қазақстандықтар, шетелде өмір сүріп келеміз. Неге дейсіз бе? Сан түрлі ұлттың тамағын жейміз. Үндінің шайын орыстың  самаурынымен ішеміз. Көретініміз – түрік пен үнді сериалы. Немістің көлігін тізгіндейміз. Француз әтірін пайдаланамыз. Орысша сөйлейміз, артылса ағылшынша да айтамыз. Жеміс-жидекті өзбектен, ет өнімдерін айырқалпақты қырғыздан, киімді түріктен аламыз. Тұрмыстық бұйымдар мен барша тұтынатын дүниелеріміз туысымыздай болып кеткен қысық көз қытайдікі». Елеусіздеу естілгенмен бұл әзілде астарлы зіл бар.
Дәулет БАҚЫТЖАНҰЛЫ
---
21 маусым 2019 ж. 626 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031