» » ЖОЛЫНАН ЖАҢЫЛҒАН ЖҰМБАҚТАР

ЖОЛЫНАН ЖАҢЫЛҒАН ЖҰМБАҚТАР


Қорада тұрады, қалада оқиды.
 (Оқуға  түсіргенде аталған мал)
***
Зарығып  жетесің,
Заматында айырыласың.
 (Айлық)
***
Ұйықтағаны үшін айлық алатын адам.
 (Қарауыл)
***
Таныса қолын, танымаса таяғын көтереді.
 (МАИ инспекторы)
Тілі екеу, ирелеңдеп жүгіреді.
 (Өз тілін менсінбейтін жастар)
***
Келесі жұмбағымның жөні бөлек,
Сен түгіл таба алмайды мемлекет.
 (Бағаны тұрақтандыру)
***
Өзі сары, көзі көк, көше сайын кезігед(і).
 (Такси)
***
Қалт-құлт етеді, қылтылдап тұрып-ақ түбіңе жетеді.
 (Базардағы таразы)
***
  • Сүйегі қазақтікі,
  • Еті қытайдікі,
  • Өсегі өзбектікі,
  • Төсегі өзге ұлттыкі.
  • ( қонақ үй)
***
Маң-маң басқан, маң басқан,
Орындығын шаң басқан,
Күтушісін ой басқан.
Айдаушысы конешкіде,
Сарт-сұрт қарта ойнасқан.
Бұл не деген жануар?
(№ 22 автобус)
***
Ұшарын  жел де білмейді, ел де білмейді.
Қонарын я сай біледі,
Я ай біледі.
 (Байқоңыр операциялары)
***
Көрді. Көңіл қосты. Ажырасты.
(Мағынасыз махаббат)
***
Іші толған қыз,
Сырты толған із.
(Жатақхана)
22 ақпан 2018 ж. 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031