Әр қиындықтың өз қуанышы бар
Назерке Қоблан 1996 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. 2013 жылы Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ға оқуға түсіп, 2017 жылы тәмамдаған. Ол ‒ көптеген облыстық, қалалық сұлулық байқауларының жеңімпазы. Қазір "Koblan Naz" сән үйінің басшысы.
−Кәсіппен айналысқаныңызға қанша уақыт болды?
Кәсіппен айналысқаныма 2 жылдай уақыт болды. Алғаш осы киім тігіп сату идеясын өзім ойлап жүргенмін, содан жанымдағы кеңесшім, яғни жолдасым Айбекке ойымды айттым. Ол кісі де құптап, маған қолымнан келетіндігін айтып шабыттандырды. Ал жарнама мәселесін инстаграм әлеуметтік желісі арқылы реттедік. Солай жеке киім орталығының негізін қаладық.
– "Шағыннан баста, бірақ үлкенді арманда. Бір мезетте көп нәрсемен айналыспа. Біріншіден, көп емес жай істерден баста және бара-бара күрделірек іске көш. Әрқашан болашақты ойла" дейді Стив Джобс. Кәсіпті бастауда қорқыныш оны әрі қарай дамытуда қиыншылықтар орын алды ма?
– Әрине кәсіпті бастар алдында қорқыныш та, қиыншылық та болды. «Қайда барып сатам, кімге сатам, қайдан аламын?» деген сұрақтар жиі мазалады. Шынымды айтсам алғашында киімдерді үлкен сөмкеге салып алып, оқу орындарындағы, мекемелердегі таныстарымды аралап сата бастадым. Бір өзіме қиын болды, дегенмен менде өзімнің атыммен жеке бутигімді ашамын деген үлкен арман болды. Сол арман жетегінде еш шаршамастан осылай кәсібімді аяғынан тұрғыздым. Жаңа өзіңіз айтқандай, Стив Джобстың тәжірибесі менің ұстанымыма айналған. Мен де азды армандап, көпке ұмтыламын.
– Алғашқы табысыңыз есіңізде ме? Адал еңбегіңіздің жемісін қайда жұмсадыңыз?
– Өзім жас болсам да алғашқы тапқан табысым өзім ойлағаннан да жақсырақ болды. Алғашқы табысымды қолыма алғанда кәсіп түбі ‒ нәсіп екені ойымда болды Адал еңбекпен тапқан табысыңды ешқайда қимайды екенсің, дегенмен алғашқы табысымды тез жаратып үлгердім. Жақындарымды қуанттым...
–"Koblan Naz" қазақстандық брендін қалыптастырғыңыз келе ме?
– Басты мақсатым ‒ осы брендті түбегейлі қалыптастыру. Киім дүкенін, киім тігу шеберханасын және сұлулық салоны арқылы халыққа қызмет жасау үшін еңбек етудемін.
– Сіздің сұлулық байқауынан жетістігіңіздің көп екенін білеміз. Дүкеннің келбеті де өзіңіз. Байқауымша, сізге модель болу ұнайтын секілді?
– Алғашында көпшіліктің алдына шығудан қысылатынмын. Кейін сұлулық байқауына қатысып, көп нәрсені түсіне бастадым. Байқаулармен қатар көптеген киім дүкендеріне модель болып жүрдім. Бұл хобби кейін өзімнің сүйікті кәсібіме айналды. Әдемілікті қай қыз баласы болсын жақсы көреді деп ойлаймын. Өзім де фотоға түскенді жақсы көремін және өзіме келген адамдарды сәнді әрі сапалы киімдермен қамтамасыз еткім келеді.
– Назерке, сіздің модельдік бағытыңызға ата-енеңіздің көзқарасы қандай?
– Мен ашық-шашық киінбеймін, бәріне үлгеремін және өз орнымды білемін. Үйде келінмін, ал тыста жас кәсіпкер Назерке.
– Жас бола тұра осындай үлкен табыс көзін әкелетін кәсіпке тәуекел еттіңіз. Мотивацияны қайдан аласыз ?
– Мотивацияны өзім жасап жүрген кәсібімнен және жан-жағымдағы бәсекелестерден. Бәсекелестік бар жерде өсім бар.
– Ал бәсекелестерден баса озудың басты шарты қандай?
– Басты шарты ‒ халыққа сапалы әрі ерекше стильде киімдер ұсыну.
– Өмірлік ұстанымыз?
– Өмірлік ұстанымым ‒ өмірге құштарлық, темірдей тәртіп, шынайы тазалық, сүйікті кәсібімнің шыңына шығу. Ең бастысы, отбасымның бақыты мен үшін алғашқы орында.
− Жаңадан кәсіп бастағысы келетін жастарға айтар ақыл-кеңесіңіз?
− Өз-өзіңді жігерлендіруің қажет. Өзіңе деген сенім басым болуы қажет. Бастаған ісіңді соңына дейін жеткіземін деген ұстанымың болуы шарт. Өйткені кәсіп жолында небір қиыншылықтар жолығады. Қаржы жағынан болсын, моральдық, психологиялық тұрғыдан жан-жақты дайын болуың керек деп ойлаймын және барынша мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді де пайдалану қажет.
− Сұхбаттасқаныңызға рахмет!
Нұрай ОҢАЛ,
ҚМУ-дың II курс студенті