» » Астана аялдамалары тоқылған бас киім «киді»

Астана аялдамалары тоқылған бас киім «киді»

Елорда басшылары аялдама кешендерін ерекше безендіріп қойды. Енді аялдамалар қыста тоңып қалмау үшін бас киім "киіп алды", деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Қазнет қолданушылары Астана аялдамаларының жаңа фотоларын жарыса жариялап жатыр. Бұл туралы NewTimes.kzагенттігі жазды.
Аялдаманың креативті безендірілуіне қатысты желі белсенділерінің пікірі екіге бөлінді. Біреулер мұндай «бас киім» жылы және ерекше болып көрінеді деп қуанса, екінші топ «бюджет ақшасын қажетсіз безендіруге шашты, одан да осы ақшаны аз қамтылған отбасылар мен үй-күйсіз жүргендерге жұмсау керек еді» деген ой айтты.
«Бас киім киген» аялдама фотосының астына «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек пікір жазды.
«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Көптен күткен қыс та келді. Суық кезде өз денсаулығыңызды күтіп, жылы киініңіздер. Қазір жылы бас киім кимейтін әдеттің көбейіп бара жатқанын байқадым. Әсіресе, оқушылар мен жастар. Әрине, бұл шашыңыздың сәнін кетіруі немесе стиліңізге сәйкес келмеуі мүмкін. Бірақ біздің астаналық аялдамалар да бас киім кие бастады))) Бас киім киіңіздер!! Денсаулығыңызды күтіңіздер», - деп жазды Тұрлыбек Facebook-те.
16 желтоқсан 2017 ж. 976 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930