» ҚПЛ: ЕЛ КҮТПЕГЕН НӘТИЖЕ

ҚПЛ: ЕЛ КҮТПЕГЕН НӘТИЖЕ

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының бірнеше туры артта қалып, біріншіліктің бел ортасына жақындады. Бұл сында 10 облыс пен 2 қаланың командалары шеберлік байқасып, ел біріншілігінің үздік үштігін анықтауға бекемдеген. Бүгінде бірінші айналым аяқталып, командалар бір-бірімен қайта жолығуда. Бірінші айналымда біршама сенсациялы нәтижелерді кезіктірдік. Тіпті ел чемпионы саналатын "Астананың" өзі ұпайдан шашау шығарып, үш мәрте жеңілгенін де байқадық. Жергілікті "Қайсардың" да аяқ алысы жаман емес секілді. Алғашқы айналымда үздік үштіктен көрінген дала қасқырлары жүлдеге дәмелі екенін байқатты. Маусым басында елдегі клубтар  2 апталық үзіліске бет алды. Себеп ұлттық құрамалардың еуро бәсекедегі кездесулері.  Аздаған үзілістен кейін  премьер-лиганың кезекті туры жалғасын тауып, біріншіліктің 14 тур ойындары өтті. Бұл турда "Қайсар" сөз еткен  "Астанамен" түзде кездесіп, 4-1 есебімен жол берді. Чемпионаттың орталық ойыны саналған матчта сарапшылар қонақтарды ел чемпиондарына төтеп береді деп топшылаған. Алайда дала қасқырлары негізгі құрамның ойыншыларына сенім артпады. Бапкердің бұлай жасауының да себебі бар. Өйткені 19 маусымда Қызылорда "Тобылға" қарсы жауапты ойын өтетін-ді. Араға 12 жыл салып, "Қайсар" Қазақстан кубогының жартылай финалына жолдама алған. Стойчо бапкер  еселі еңбекті еш кетірмейін дегендей сыңай танытып, құрамға өзгертулер енгізіпті. Сонымен Астана аренадағы стадионға оралайық. Кездесудің алғашқы бөлігінде Роман Муртазаев пен Юрий Перцух бір доптан салып, командасын алға шығарды. Бірінші таймда қонақтар да қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, Эричтың қақпасын нысанаға алып көрді. Асхат Тағыбергенның айып соққысынан бағыттаған добын Ненад қиындықпен қайтарып, қақпасын голдан аман алып қалды. Ойынның екінші жартысында "Астана" жылдам шабуылға иек артып, тағы екі гол салды. Дорин Ротариу мен Марин Томасов есепті еселеп, таблодағы есепті 4-0 ге жеткізді. Кездесудің 79 минутында алаңға алғаш шыққан Өркен Махан әріптесі Тигран Барсегянға нәтижелі пас беріп, есепті қысқартты. Қорытынды есеп 4-1!
"Астана" - "Кайсар" 4:1 (3:0)
Голдар: Роман Муртазаев 14 (1:0), Юрий Перцух 26 (2:0), Дорин Ротариу 46 (3:0), Марин Томасов 50 (4:0), Тигран Барсегян 79 (4:1)
Ескерту: Серікжан Мұжықов 60 – Думан Нәрзілдаев 45, Иван Граф 54, Марк Гурман 89
Астана: Ненад Эрич, Марин Аничич (к), Иван Маевский, Антонио Рукавина, Марин Томасов (Рангело Янга 84), Дорин Ротариу, Лука Шимунович, Роман Муртазаев, Юрий Перцух, Серікжан Мұжықов (Дмитрий Шомко 87), Абзал Бейсебеков.
Қайсар: Марсель Исламқұлов, Иван Граф, Тигран Барсегян, Братислав Пуношевац (Өркен Махан 73), Джошуа Джон, Шоқан Абзалов, Александр Марочкин, Думан Нәрзілдаев (Мақсат Байжанов 46), Асхат Тағыберген (к) (Марк Гурман 46), Марат Хайруллин, Валентин Чуреев .
---
22 маусым 2019 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031