» » ТАҒЫ ДА ТЕҢ ОЙЫН

ТАҒЫ ДА ТЕҢ ОЙЫН

  Өткен жексенбі күні футболдан ел чемпионатының ХХІІ турында Қызылорданың "Қайсары" Оралдың "Ақжайығына" қонаққа барды.
Батысқазақстандық клубтың бас бапкері міндетін атқарушы Артур Авакянц сәрсенбі күні «Астанамен» өткен ойындағы құрамға өзгеріс енгізе қойған жоқ. Дегенмен бұл жолы алаң иелеріне дәл сондай сәттілік жолдас болмады. Матч барысында "Қайсар" допқа көбірек иелік етіп, «Ақжайықтың» қақпасына жиірек қауіп төндірді. Сондай сәттерде қақпашы Сергей Ткачук екі мәрте қақпасын қауіптен аман алып қалды. Біріншісінде Ткачук қайтарған допты Игорь Худобяк теуіп үлгерді. Енді бірде  шабуылшы Иоанн Аркин бос қалған қақпаны дәл көздей алмады.
Шабуыл ұйымдастыру кезінде алаң иелеріне дәлдік жетіспеді. Тіпті  тәртіп бұзылғаннан кейін белгіленген айып добын Малик Мане қақпадан әлдеқайда жоғары тепті. Кездесудің екінші бөлігінде  мергендер көшін бастап келе жатқан украиналық легионер Адеринсола Хабиб Эсеола алаңға шыққанымен  жарқырап көріне алған жоқ. Ол соққан допты төрешілер шабуылшы ойыннан тыс қалды деп есептемесе, содан кейінгі оңтайлы сәтте Эсеоланың өзі мүлт кетті. Қос команда бірінші айналымда да Қызылордада 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын. «Ақжайық» бұл турдан кейін 17 ұпаймен бесінші орынға тұрақтаса, қызылордалықтар 12 ұпаймен 8 орынға жайғасқан.
Айта кетейік, өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасын 3:0 есебімен ұтқан астаналықтар қоржынындағы ұпай санын 34-ке жеткізді. Атырауда жергілікті клубты 3:1 есебімен тізе бүктіріп, 29 ұпай жинаған «Қайрат» бұрынғысынша екінші орында.
Әйтсе де, алматылықтардың елордалықтардан екі ойыны кем. Сырт алаңда Қарағандының «Шахтерін» 1:0 есебімен ұтқан Қостанайдың «Тобылы» 26 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр.
Бүгін ХІІІ турдың ойындары өтеді. Бұл турда "Қайсар" ел чемпионы "Астанамен" шеберлік байқасады.
28 мамыр 2018 ж. 770 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930