» "Өкініп жүрмін ": Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевпен не үшін кездескісі келген?

"Өкініп жүрмін ": Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевпен не үшін кездескісі келген?

  16 қыркүйек күні өзінің туған үйінде о дүниеге аттанған әншінің әріптесі Рысбек Аташ марқұмның соңғы өтінішін айтты. Біраз жылдан кейін сахнаға қайта оралған Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевпен кездескісі келген екен.
Рысбектің айтуынша, Хамитова Нұржан жайлы айтқан сөздері үшін қатты өкініп жүріпті.
Марқұм рухани тұрғыда бір тыныштықты іздеген көрінеді.
"Маған "Нұржанмен кездестірші" деп айтқан. Бұрынғыдай бәріміз отырсақ, сөйлессек дейтін.
"Сосын "Астарлы ақиқатта берген соңғы сұқбатта Нұржанға қатысты қатты айтып қойдым. Сол үшін кешірім сұрағым келеді, соған өкініп жүрмін", - деді.
"Кездездестірші, оған дейін осыны жеткізші" деп жүретін. Соған қарағанда, жанына рухани жағынан бір тыныштық керек болған ғой", - деп еске алды Рысбек Аташ.
Ол араға он бір жыл салып сахнаға оралған Жанар Хамитовамен бірге түсірген бейнебаяндары туралы айтып өтті.
"Жанар Алматыға келгеннен кейін Сиви ханыммен жұмыс істеді. Екеуіміз "Айтқым келеді" деген әнге клип түсірдік. Халық тарапынан жақсы қолдау болғаннан кейін тағы бір "Күннен күнге" деген ән жазылды. Клип те түсірілді", - деді Рысбек.
---
20 қыркүйек 2019 ж. 960 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031