Өткені жайлы айтқан Жанар Хамитова камера алдында көз жасына ерік берді
Осыдан 11 жыл бұрын сахнадан кетіп, арада біраз уақыт өткенде ел алдына қайта шыққан Жанар Хамитова сұқбат барысында көзіне жас алды. Әнші өткен өмірі жайлы сұрақтардың жүрегіне ауыр тиетінін жылап отырып айтып берген деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасы.
Сиви Махмуди қамқорлығына алған әнші жеке өмірі жайлы сұрақтардан уайымға салынып, дауысын да жоғалтып алған.
"Мен ұмытқым келеді. Барлық сұхбатта менің бұрынғы күйеуімді, Нұржан Керменбаевты, жеке өмірімді сұрайды. Маған бұл жайлы үнемі айту ауыр. Нұржан келіншегі мен балаларына, менің күйеуіме, балаларыма тыңдау оңай дейсіз бе? Олар менің көз жасымды көреді ғой. Оның керегі не? Өткен күндер артта қалды. Мен де темір емеспін. Қарапайым адаммын.Күнде жанымды ауыртатын бір сұрақтарға қайта-қайта жауап беру оңай емес. Бес сағат бұрын уайымдағаннан дауысымды жоғалтып алдым. Мен өткен 30 жылымды қорқынышты түс секілді ұмытқым келеді. Маған ол уақытты еске алу өте қиын. Түсінемін, өткен өмір бәріне қызықты", - деп әнші көз жас алды.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан 14 жыл бұрын "Superstar.kz" байқауында финалист атанып, "Арнау" тобының мүшесі болған Жанар Хамитова сахнадан алыстап кеткен еді.
Әнші араға 11 жыл салып алғаш рет "КТК" арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бой көрсетіп, жеке өміріне қатысты құпияның бетін ашқан болатын.