» СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

   Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев Ұлы Отан соғысының ардагері, сырдариялық майдангер Маханбет Бержановтың шаңырағында болып, соғыс және еңбек ардагерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.



Ардагерге мерекелік Құттықтау хатын және арнайы әзірленген сыйлықтарды табыс етті.
– Біз Тәуелсіздікке ардагерлердің қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Бүгінгі жетістігіміздің барлығында алдыңғы буын өкілдерінің үлесі бар. Сондықтан мерекеде соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтау – біздің парызымыз. Жаңа жыл мерекесі жаңа бақыт, жаңа жетістік алып келсін!,- деген аудан басшысы майдангер М.Бержановқа зор денсаулық, отбасына амандық тіледі.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ерекше құрмет көрсеткен аудан басшысына алғыс айтқан соғыс және еңбек ардагері М.Бержанов ақ батасын берді. Атқарушы билік өкілдерінің жұмысына жеміс тіледі.

---
21 қазан 2019 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031