28 ақпан - ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының құрылған күні
Бүгін, Семей сынақ алаңында әскери борышын өтеген ардагерлерімізді ұлықтау, әрі қадірлеп-құрметтеу мақсатында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 31 жыл толуына орай Қызылорда қаласындағы Тағзым алаңында «Ядролық қарусыз ғасыр» атты еске алу митингісі өтті.
Бұл шараға арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары М.Қазбекова «Елбасымыздың «Сіздер қазіргі ұрпақ үшін де мәңгі бақи жеңімпаз болып қала бересіздер» деген қанатты қағидасы бар. Тәуелсіз еліміздің жас буынын патриоттық рухта тәрбиелеуде Сіздер әлі де талай еңбек атқара береді деген сенімдемін»- деген ыстық ықыласын жеткізді.
Сонымен қатар, «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлы және Ауған соғысының ардагері Баймаханов Қайрадин Әлібайұлы бүгініміздің бейбіт, ертеңіміздің жарқын болуына тілектестік білдірді.
Жалпы, шара барысында өңіріміздің қоғамдық-саяси өмірінің өркендеуіне және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге қосқан үлесі үшін ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының мүшелеріне құрмет көрсетілді.
Ізгі қоғам, жарқын болашақ үшін жасампаз қадам жасап Семей полигонын залалсыздандыруға қатысқан азаматтардың рухына арнап 1 минут үнсіздік жарияланып, құран бағышталды және гүл шоқтары қойылды.