ЕР – ЕЛДІҢ ҚОРҒАНЫ

Салтанатты шараға жиналған қауымды мәні зор мерекемен құттықтаған «Болашақ» университетінің ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қуаныш Қойшығұлұлы тарихта таңбаланған бұл күннің жас ұрпақ үшін тағылымы зор екенін айтты. Мерекелік кешке қалалық ішкі саясат басқармасының, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің, облыстық «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің және облыстық полиция департаментінің өкілдері қатысып, колледж студенттерінің өнерін тамашалады. Шығыстың шынары Мәншүк маршын айтып, әсем әнімен, мың бұралған биімен көптің ықыласына бөленген жастар аға буынның ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын дәлелдеді.
Г.НҰРТАЙҚЫЗЫ