» ҰБТ-ны өткізу тәртібі түсіндірілді

ҰБТ-ны өткізу тәртібі түсіндірілді

«Карантиндік шектеулерге байланысты елдің барлық аймақтарындағы ҰБТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар енгізіледі. Ғимаратқа кіргізу кезінде тестіленушілердің арасындағы екі метрлік арақашықтықты қатаң сақтау арқылы маскалы режим жүзеге асырылады. Әр тестіленуші 5 бақылау кезеңінен өтетін болады, оның ішінде сыртқы киімді дезинфекциялық ерітінділермен залалсыздандыратын арнайы дәліз арқылы өту ескерілген», - деді Д. Смағұлов Орталық комуникациялар қызметінде.
Сонымен қатар ол талапкер аяқ киімін де дезинфекциялайтынын, одан кейін қолын санитайзермен сүртетінін жеткізді. «Келесі кезеңде тестіленуші термобақылаудан өтуі тиіс. Егер дене қызуы анықталған жағдайда, оған кезекші медициналық қызметкерлер бригадасы дереу көмек көрсетеді. Одан кейінгі әркеттер тек мамандардың берілген талаптарына сай орындалады», - деді орталық директоры.
Барлық медициналық-санитарлық кезеңдерден өткеннен кейін, тестіленуге респираторлық немесе бір рет қолданылатын маскалар ұсынылады. «Бір рет пайдаланылатын маскаларды тестілеу барысында ауыстыруға мүмкіндік қарастырылған. Тестіленуші сәйкестендіруден өтеді, тексеруші мен тестіленуші арасындағы арақашықтық сақталады. Әр қабаттағы дәліздерде санитайзерлер орнатылады. Аудиторияда тестіленушілерді отырғызу кемінде екі метр арақашықты сақтау арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте аудитория үнемі желдетіледі», - деді Дидар Смағұлов. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.
---
15 маусым 2020 ж. 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031