» Қазалыда «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды

Қазалыда «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды

   
Қазалыда «Жомарт жүрек» сыйлығының 5 номинациясы бойынша жомарт жүректі жандар марапатталды. Қоғам жұмысына белсене атсалысып, қайырымдылық қызметтерді ауқымды түрде атқарған, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ұйымдар мен азаматтарды марапаттау рәсімінің аудандық кезеңіне 10 үміткер өз құжаттарын тапсырған.
Қазалы аудандық жобалық кеңсе құрамындағы сарапшылар кеңесінің шешімімен аудан әкімдігінде «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», «Ерен еріктілік» номинациялары бойынша номинанттарға «Диплом» мен ескерткіш сыйлық табысталды. Атап айтқанда, «Жыл меценаты» номинациясын туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «ЮгГазПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жылқайдар Тәңірбергенов иеленді. Денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Туған өлке» номинациясы сыйлығы Әділет Қарымсаққа табыс етілді.  Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін (тек жеке тұлғаға) «Жыл тұлғасы» номинациясына Мархаббат Асанова ие болды. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы «Энергомера» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бекетай Мұхашовқа бұйырды.
   Волонтерлік қызметтерді белсенді ұйымдастырған Жанат Ержігітоваға «Ерен еріктілік» номинациясы табысталды.
---
05 тамыз 2020 ж. 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031