САЛҚЫНБАЕВТЫҢ САЯБАҒЫ

Еліміз бойынша бір күнде бес бірдей облыста жомарт жандардың тартуы табысталды. Сондай шараның бірі аймағымызда Шиелі ауданында өтті. Айта кету керек, Шиелі ауданы аймақ бойынша спорт кешендері, демалыс саябақтары жағынан ауқымды жобаларды жүзеге асырып келе жатқан бірден-бір өңір. Оның қатарында меценат Мұхамеджан Салқынбаевтың демалыс саябағы да бар.
Демалыс саябағы аудан тұрғындарының балалармен уақыт өткізуіне ыңғайланып жасалған. Мұнда гүлзарлар, орындықтар, балалар ойынына арналған алаңқайлар бар. Аудан тұрғындары көп шоғырланатын бұл аумақта мұндай демалыс орнын салу М.Салқынбаевтың көптен бері ойында жүрген. Тиісті мекемелерден рұқсат алғаннан кейін білек сыбана кіріскен. Демалыс саябағы тұрғындардың түскі және кешкі мезгілде балалармен серуен құруына, зейнет жасындағы тұрғындардың демалысына ыңғайлы. Жан-жағы гүлзар саябақта алдағы уақытта субұрқақ орнату жоспарланған. Елге жасалған мұндай тартуды көрген жастар туған жерге жанашырлық жасаудың нағыз үлгісін көріп, өнеге алады деген ойдамыз.
М.Қожахметова,
облыстық «Рухани жаңғыру»
орталығының маманы