» Оқушылар қашықтан оқуды әлі де жалғастыра ма?

Оқушылар қашықтан оқуды әлі де жалғастыра ма?

    Білім және ғылым министрлігінің балаларды штаттық режимде оқыту бойынша ұсынысы Үкімет жиынында қаралатын болды. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, қашықтан оқу – оқушылардың денсаулығы үшін қабылданған шешім.
Ералы Тоғжанов бүгін баспасөз мәслихатында: «Пандемия басталғаннан бері 2,4 мыңнан астам қазақстандық бала коронавируспен ауырды. Бүгінде 34 бала ем алып жатыр. Осындай жағдайда Үкіметтің міндеті – қауіпті вирустан балаларды және қазақстандықтарды барынша қауіпсіздендіру. Балалар коронавирустың жеңіл түрін басынан өткерсе де, ересектер тәуекел аумағында болады. Олар кейіннен төңірегіне вирус таратуы және инфекцияның жаңа ошақтарын тудыруы мүмкін. Мұндай жайт тәжірибеден белгілі болып отыр. Сондықтан оқу жылының 1-тоқсанында оқушылардың негізгі бөлігін қашықтан оқытуға көшіру туралы шешім қабылданды», – деді. Оның айтуынша, Қазақстанда 3,4 миллион оқушы бар. Оның 77 проценті қашықтан оқып жатыр. Білім және ғылым министрлігі екінші кезеңде мектеп жұмысын штаттық режимде жаңарту бойынша ұсыныс әзірледі. Мұны Үкімет балалардың қауіпсіздігі үшін жан-жақты талқылайды.
aikyn.kz
---
10 қыркүйек 2020 ж. 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031