» » «17 қыркүйекте қайта карантинге жабады» Ералы Тоғжанов карантинге қатысты пікірін айтты

«17 қыркүйекте қайта карантинге жабады» Ералы Тоғжанов карантинге қатысты пікірін айтты

   «17 қыркүйекте қайта карантинге жабады»: Ералы Тоғжанов карантинге қатысты пікірін айтты Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қазақстанда қайта карантин енгізу туралы ақпараттың жалған екенін айтты.
Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қазақстанда қайта карантин енгізу туралы ақпараттың жалған екенін айтты. Брифингте журналист халық арасында әлеуметтік желіде 17 қыркүйекте қайта карантинге жабады деген ақпарат тарап жатыр. Қазан айында күн сайын 5 мың адамға дейін індет жұқтырады деген де ақпарат бар. Жалған ақпарат болса, оны таратқандарды қалай бақылайсыздар деген сұрақ қойды. «Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі күнде өсім деңгейі 0,1%-ды құрап отыр. Бұл көптеген қабылданған шараның нақты нәтижесі деп айтуға болады. Орындар деңгейі 10,7%-ға дейін түсіп отыр. Сондықтан қазір жағдай айтарлықтай жақсы. Қазақстанда карантин енгізу туралы мәселе тұрған жоқ. Керісінше, өздеріңіз байқағандай, қазір қабылданған нақты карантиндік режимді жұмсартуға байланысты бірнеше шара қабылданды. Отырыстарда жеңілдетуге байланысты біраз шешім қабылданды. Бүгін ВАК-тың арнайы отырысы болады. Ол жерде де карантин режимін жеңілдету сұрақтары күн тәртібінде тұр. Дегенмен «осындай әңгімелерді» желілерде тарататын түрлі адамдар да болады. Азаматтардан ресми ақпараттарға ғана сенуді сұраймыз», – деді Ералы Тоғжанов.
aikyn.kz
07 қыркүйек 2020 ж. 1 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031