» Тұңғыш Президент саябағына 1 миллион теңгеге «сөйлейтін» орындық қойылды

Тұңғыш Президент саябағына 1 миллион теңгеге «сөйлейтін» орындық қойылды

  Алматыда Тұңғыш Президент саябағына интерактивті орындық қойылды.

Орындықтар қазақ ақындарының өлеңдерін оқиды.
Осындай интерактивті орындықтарды алдағы уақытта Бостандық ауданында бірнеше жерде қою жоспарда бар.
Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Серік Әділбаевтың айтуынша, орындықтарға тұрғындар қызығушылық танытқан.

«2019 жылы «Қатысу бюджеті» жобасына сәйкес, Бостандық ауданы тұрғындары 2 235 млн теңге сомасына 47 ұсыныс енгізген болатын. Олардың ішінде құны 963,7 млн теңгеге 34 жоба дауыс беруге жолданды. Бүгінде осы жоба аясында Тұңғыш Президент саябағында 1 интерактивті орындық қойылған. Қазір тұрғындардан өтініш көп түсіп жатыр. Бір орындық құны 1 млн теңге шамасында», – деді Серік Әділбаев.

Айта кетейік, интерактивті орындықтағы аудиожүйеге тарихи тұлғалардың өмірбаяны, әндер мен өлеңдер жазылған. Адам орындыққа отырған кезде аудио қосылады.
---
22 қыркүйек 2020 ж. 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031