» » Білім беру нысандарының саны еселеп артып келеді

Білім беру нысандарының саны еселеп артып келеді

    Биылғы жылы, Тасбөгет кентінен 140 орындық жаңа балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Құны 527 млн. теңге болатын балабақшада заманауи талаптарға сай жедел саты (лифт) қарастырылған және барлық бөлмелеріне жылы едендер орнатылған.
Мұнан бөлек, Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа тұрғын ауданда 600 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде.
Жобаның жалпы құны 974,4 млн. теңге.  
Қала тұрғындарының сұранысына сәйкес, "Саяхат" мөлтек ауданынан 300 орындық мектеп, №261 орта мектептің жанынан қосымша 150 орындық ғимарат, Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп құрылыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
СПМК және Арай-3 мөлтек аудандарынан 600 орындық, Сырдария өзенінің сол жағалауы мен Қызылжарма ауылдық округінен 900 орындық мектеп құрылысын жүргізу мақсатында жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.
22 тамыз 2018 ж. 940 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031