» » Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал

Тоқты
Тағдырға қарсы келемін деп әуре болмаңыз. Аптада жолыңыз болмағанмен, келер күні барлығы сәтімен болады. Қарапайым қалпыңызды сақтаңыз. Әріптестердің қызғанышын тудырудан аулақ болыңыз.
Торпақ
Сырт келбетіңізге мән беріңіз. Мақсатқа жету үшін біраз қадамдарға барасыз. Бірақ ойыңызды, жоспарыңызды құпияда ұстаңыз. Әсіресе достарға тіс жармаған дұрыс.
Егіз
Барлығы бірдей сіздің талғамыңызбен жүруге міндетті емес. Өзгелердің таңдауына түсіністікпен қараңыз. Әйтпесе жаныңыздағыларды жоғалтып алуыңыз мүмкін немесе сізден көбісі теріс айналады.
Шаян
Өз көзқарасыңызды, өзгелер туралы пікіріңізді өзгертпеңіз. Жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңыз алшақтап, түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Қиялға ерік беріп, біраз уақытты жоғалтып аласыз.
Арыстан
Көлік алуға, жағымды жаңалық жасау немесе белсенділік танытатын апта. Көтеріңкі көңіл-күй мен белсенділігіңіздің арқасында аяқталмаған біраз шаруаны тындырасыз.
Бикеш
Істеріңіздің барлығы алға басады. Бұл қарсыластардың қызғанышын тудырады. Үлкен кісілермен және лауазымды тұлғамен сөйлескенде абай болыңыз. Аңдамай сөйлеп, олардың көңіл-күйін түсіріп алмаңыз.
Таразы
Ұнатқан жанға сөз салып, жүрегіңіздің иесін табатын уақыт келді. Шаңырақ құруды жоспарлап жүрсеңіз, нағыз сөз байласатын уақыт. Апта қандай істі болсын бастауға өте қолайлы. Көптен бері ойға алған істі жүзеге асырасыз.
Сарышаян
Серіктестермен қарым-қатынаста абай болыңыз. Туындаған мәселенің барлығын тез арада шешіп отырыңыз. Бастысы, шешімді дұрыс шығара біліңіз. Еңбегіңіз ескерусіз қалмайды. Бұл – сіз үшін жеңіске жететін апта.
Мерген
Сізді аптада тосынсыйлар мен сый-сияпаттар күтіп тұр. Есесіне өзіңіз де мол қаражатты жұмсап жібересіз. Бірақ алаңдамаңыз, жұмсалған ақша текке кетпейді. Келіссөз жүргізуде өзіңізге тиесілі дүниеге иемденесіз.
Тауешкі
Ойламаған жерден мол табысқа ие боласыз. Жылжымайтын мүлік немесе көлік аламын деп жүрсеңіз, сол ойыңызды жүзеге асырыңыз. Денсаулығыңызға көп көңіл бөліңіз. Өзіңізден жасы үлкен әріптестердің арқасында қызметте жоғарылауыңыз ғажап емес.
Суқұйғыш
Жетістікке жетуге деген талпынысыңыз оң нәтижесін береді. Мықты маман ретінде сұранысқа ие боласыз. Достарыңызбен және сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз жақсара түспек. Орын алып жатқан жағдайлар сізді көп алаңдатпайды.
Балық
Өте керемет апта. Сауда жасауға да қолайлы. Демалыс күніңізді жақсы өткізесіз. Көпшілік ортада сіздің беделіңіз артып, қоршаған ортаңыздың ерекше назарында боласыз. Қарбаласпен жүріп денсаулығыңызға көңіл бөлуді ұмытпаған дұрыс.
03 қазан 2020 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930