» » Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал

  Тоқты
Тағдырға қарсы келемін деп әуре болмаңыз. Аптада жолыңыз болмағанымен, барлығы сәтімен болады. Қарапайым қалпыңызды сақтаңыз. Әріптестеріңіздің қызғанышын тудырудан аулақ болыңыз.
Торпақ
Сырт келбетіңізге мән беріңіз. Мақсатқа жету үшін біраз қадамдарға барасыз. Бірақ жоспарларыңызды құпияда ұстаңыз. Әсіресе әріптестер мен достарға тіс жармаған дұрыс.
Егіз
Айналаңыздағылардың барлығы бірдей сіздің талғамыңызбен жүруге міндетті емес. Өзгелердің таңдауына түсіністікпен қараңыз. Әйтпесе жаныңыздағыларды жоғалтып алуыңыз мүмкін немесе сізден көбісі теріс айналады.
Шаян
Өз көзқарасыңызды, өзгелер туралы пікіріңізді өзгертпеңіз. Жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңыз алшақтап, түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Қиялға ерік беріп, біраз уақытыңызды жоғалтып аласыз.
Арыстан
Көлік сатып алатын, жағымды жаңалық жасайтын немесе белсенділік танытатын уақыт. Көтеріңкі көңіл-күй мен белсенділігіңіздің арқасында аяқталмаған біраз шаруаны тындырасыз.
Бикеш
Ісіңіз алға басады. Бұл қарсыластарыңыздың қызғанышын тудырады. Үлкен кісілермен және лауазымды тұлғалармен сөйлескенде абай болыңыз. Аңдамай сөйлеп олардың көңіл-күйін түсіріп алмаңыз.
Таразы
Ұнатқан жанға сөз салып, жүрегіңіздің иесін табасыз. Шаңырақ құруды жоспарлап жүрсеңіз нағыз сөз байласатын уақыт. Аптада қандай істі болмасын бастауға өте қолайлы сәт. Көптен бері ойға алған ісіңізді жүзеге асырасыз.
Сарышаян
Серіктестермен қарым-қатынаста абай болыңыз. Туындаған мәселелердің барлығын тез арада шешіп отырыңыз. Бастысы, шешімді дұрыс шығара біліңіз. Еңбегіңіз ескерусіз қалмайды.
Мерген
Сізді тосынсыйлар мен сый-сияпаттар күтіп тұр. Есесіне өзіңіз де мол қаражат жұмсап жібересіз. Бірақ алаңдамаңыз, жұмсалған ақша текке кетпейді. Келіссөз сіздің пайдаңызға шешіледі.
Тауешкі
Ойламаған жерден мол табысқа ие боласыз. Жылжымайтын мүлік немесе көлік аламын деп жүрсеңіз, сол ойыңызды жүзеге асырыңыз. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Өзіңізден жасы үлкен әріптестеріңіздің арқасында қызметте жоғарылауыңыз ғажап емес.
Суқұйғыш
Жетістікке талпынысыңыз оң нәтижесін береді. Мықты маман ретінде сұранысқа ие боласыз. Достарыңызбен және сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз жақсара түспек. Кездейсоқ жатқан жағдайлар сізді көп алаңдатпайды.
Балық
Өте керемет апта. Сауда жасауға да қолайлы. Демалыс күніңізді жақсы өткізесіз. Жақсылық атаулының барлығы сіздің жаныңыздан табылады. Бәлкім, жақындарыңыз жобаларыңыздың бірін жүзеге асыру үшін көмегін ұсынады. Бастысы, жақындарыңызға көмек үшін алғыс айтуды ұмытпаңыз.
16 мамыр 2019 ж. 857 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930