» » Илон Маск дулыға пішіндес тостерін көрсетті

Илон Маск дулыға пішіндес тостерін көрсетті

SpaceX пен Tesla негізін салушы Илон Маск Instagram парақшасында өзінің жаңа тостерінің суретін жариялады, деп хабарлады РИА Новости. Тостердің пішіні режиссер Джордж Лукастың "Жұлдыздар шайқасы" фильміндегі Дарт Вейдердің дулығасы іспеттес. "Менің жаңа тостерім", - деп жазды Маск әлеуметтік желідегі суретінің астына. Айта кетейік, тостер әзірленген нанда Star Wars (Жұлдыздар шайқасы - Авт.) деген жазбаны қалдырады. Instagram қолданушыларының көпшілігі оларда да дәл сондай тостердің бар екенін жазды. Тағы біреулері Маскқа Falcon Heavy тасығыш-зымыранымен ғарышқа ұшқан Tesla Roadster кабриолеті сияқты тұрмыстық аспап шығарып, ғарышқа жіберуді ұсынды.
19 ақпан 2018 ж. 911 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930