АҚШ-тағы оқытушы Данэлия Тулешованың продюсері болды
Бұл туралы Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXVI сессиясының қарсаңында Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанға сүйіспеншілікпен» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында Дияз Мұсалимовтың өзі мәлімдеді.
«Мен Американың Нью-Йорк қаласынан келіп отырмын. Туған жерім Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Тәуелсіз еліміздің құрдасымын. Өмірім Қазақстан Халқы Ассамблеясымен тығыз байланысты. Ассамблея менің екінші үйім іспетті. Менің шығармашылық карьерам кішкентай кезімнен, яғни 4 жасымда басталған. Ассамблея ұйымдастырған концерттерге, шараларға қатысып келемін. Маған халықтың, Елбасының алдында өнер көрсеткен ұнайды.Менің ойымша, біздің елде көп ұлттың тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатқандығын Батыс елдері үлгі етулеріне болады. Мен Нью-Йорк Университетінде вокалдан сабақ беремін. Сонымен қатар, өзімнің жеке әншілік өнеріммен айналысып, композиторлық және продюсерлік қызметте де күшімді сынап жатырмын. Қазір, біздің кішкентай талантты өнерпазымыз Данэлия Тулешоваға продюсер болып, сол жобаны қолға алдым», - деді әнші Диаз Мұсалимов.
Сонымен қатар, Диаз Мұсалимов АҚШ-та өткен Қазақстанның іс-шараларында қазақтың халық әндерін айтқан кезінде бойын билеген сезімдерін бөлісті. Әнші Головкин және Альварестің арасындағы жекпе-жекте Қазақстанның әнұранын орындауы аса толқулы оқиға болғанын айтты.