БІЗ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА БОРЫШТАРМЫЗ

Қазақта «аштықта жеген құйқаның дәмі кетпейді» деген сөз бар. Сондай кезді көзбен көрген, сол қиындықты бөліскен, жылылығын сездірген, мейірімін көрсеткен, бір үзім нанын бөліп берген, қамқа тонын иығымызға жапқан қазақ халқына алғыс білдіремін. Жалпы өмір жолымдағы жеткен жетістіктерім үшін қазақ еліне, оның қонақжай халқына басымды иіп өтем. Қазақстанды өзімнің Отаным, өскен жерім деп, осы елге деген сүйіспеншілігімді жүрегімнің төрінде мәңгілік сақтаймын. Біз қазақ халқына шынында борыштармыз.
Людмила Ли,
Еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі