» » Жапонияда нөсер жауынның салдарынан 216 адам мерт болды

Жапонияда нөсер жауынның салдарынан 216 адам мерт болды

Жапонияда нөсер жауын мен оның салдарынан болған су тасқыны мен көшкіндердің салдарынан 216 адам құрбан болды. Тағы ондаған адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында немесе олармен байланыс үзілген. Бұл туралы жексенбі күні елдің бас полиция қызметі мәлім етті. Жергілікті шұғыл қызмет өкілдері полиция мен Қорғаныс министрлігі әскерлерінің көмегімен іздестіру және құтқару операцияларын жалғастыруда. Табиғат апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін Жапонияның батыс өңіріне елдің түкпір-түкпірінен мыңдаған еріктілер жиналды. Су тасқыны мен көшкіндердің салдарынан Жапонияның 47 префектурасының 31-і немесе 160 үй түгелдей жойылған. 700-ге жуық үйге айтарлықтай зақым келіп, 25 мыңы су астында қалған. 6 мыңға жуық адам арнайы эвакуациялық орталықтарда жатыр, олардың үйлеріне қайтуларына мүмкіндік жоқ. Ал қазір Жапонияны аптап ыстық жайлаған. Жексенбі таң атқалы мұнде термометр бағаны 30 градустан жоғарылап кеткен. Бұл онсыз да қиын жағдайды одан бетер ушықтырып отыр. Мол көлемдегі нөсер жаңбыр Жапонияға «Прапирун» тайфунының әсерінен өткен аптада жауған болатын. Елдің кейбір аудандарында ылғал көлемі 1 мм-ден асты. Соның салдарынан өзендер арнасынан асып, көшкін жүре бастады. Жапония тарихында ең көп адам құрбан болған табиғат апаты 1953 жылы тіркелген. Ол жылы Кюсю аралында барлығы 759 мың адам құрбан болып, 450 мың адам баспанасынан айырылған еді.

16 шілде 2018 ж. 828 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031