» » Мьянманы су басып, 50 мың адам эвакуацияланды

Мьянманы су басып, 50 мың адам эвакуацияланды


Табиғи апат салдарынан барлығы 100 мың адам зиян шегуі мүмкін. Көптеген ауыл су астында қалды.
Су басу салдарынан Мьянманың 50 мың тұрғыны өз үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткендіктен, ұлттық қауіпсіздік комитеті өзен-көлдерге жақын тұратын тұрғындардан басқа жаққа көшуді өтінді. Аталған табиғи апат салдарынан 100 мың адам зиян шегуі мүмкін. Қатты жауын-шашын салдарынан мемлекеттің солтүстігіндегі 60 метрлік көпірді су шайып кетті. Сондай-ақ, орталық аймақтағы күріш алқабы мен жолдар бұзылды. Батыста орналасқан Ракхайн штатының да жағдайы қиын. Осы аймақтағы көптеген ауыл су астында жатыр.

30 шілде 2018 ж. 721 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031