» » Жауын шашын салдарынан Аралда су басу қаупі бар

Жауын шашын салдарынан Аралда су басу қаупі бар

 Арал қаласында өткен аптада жауған қар мен күні кеше тәулік бойы жауған жаңбырдың салдарынан бірқатар көшелер мен жеке тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Арал ауданы әкімдігінен мәлім еткендей, су басу жағдайларының алдын алу жұмыстарымен 54 адам, 5 су тазартқыш көлік, 2 су тарту насосы және 2 жүк тиегіш, 1 камаз көлігі айналысуда.
Сонымен қатар жолдарда жүруге кедергі келтірмеу үшін жолдар мен тротуарлар да мүмкіндігінше тазартылуда.
Айта кету керек, қазіргі таңда ең бірінші кезекте су басу қаупі бар жеке тұрғын үйлер аумағында тазарту жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте, барлық коммуналдық қызметтер 24 сағаттық жұмыс кестесіне ауысты.
07 наурыз 2018 ж. 1 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31