» » Кубалықтар жаңа конституция жобасымен танысып жатыр

Кубалықтар жаңа конституция жобасымен танысып жатыр

Куба азаматтары елдің жаңа конституциясымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Correos de Cuba басылымының жазуынша, 31 шілдеден бастап 32 беттік конституция жобасы сатылымға шықты. «Адамдар оқып, танысып, осы бойынша өз пікірлерімен бөліскені маңызды. Тек осылай ғана барлығымыз талқылауға қатыса аламыз», - деп мәлімдеді РИА Новости агенттігіне жергілікті профессор Альфредо Гарсия. Бұдан бұрын шілдеде Куба билігінің Ұлттық ассамблеясы өз отырысында елдің негізгі заңын өзгертетін конституциялық реформаны мақұлдады. Парламент 13 тамыздан 15 қарашаға дейін жаңа конституцияны жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынған еді. Кубаның жаңа конституциясында президент лауазымы енгізіледі, оның қызметі он жылдан кейін шектеледі, жекеменшік құқығы келісіледі. Сондай-ақ, Куба мемлекеті қызметінің негізгі қағидаларының бірі - социализмнің құрылысы аталады. Конституция мәтініне алғаш рет гендерлік белгілер бойынша кемсітушілікке тыйым салынатыны енгізілді.

01 тамыз 2018 ж. 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031