» » Түрік кеңесіне мүше мемлекеттерде бір ғана виза болуы мүмкін

Түрік кеңесіне мүше мемлекеттерде бір ғана виза болуы мүмкін

Алдағы уақытта Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мен Әзербайжанның азаматтары саяхаттау үшін төрттік арасында бір ғана визамен жүруі мүмкін. Яғни бірыңғай туристік бағыт болады.
 «Тур пакет» қабылданса, аталған елдерде демалудың құны да арзандай түседі. Бүгін елордада Түрік кеңесіне мүше мемлекеттердің туризм саласына жауапты министрлері бас қосып осы жобаны талқылады. «Түрік кеңесі-Заманауи Жібек жолы» аталатын туристік бірлестікке Өзбекстан да қосылуы ықтимал. Астанадағы алқалы жиында талқыланған жаңа жоба қыркүйекте Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өтетін түркітілдес елдер басшыларының саммитінде де кеңінен пысықталады деп күтілуде. Гаухар Жеңісбек, «KazakhTourism» ұлттық компаниясының департамент басшысы: - Осы төрт мемлекет, қазір Өзбекстан қосылады деп жатырмыз. Яғни 5 мемлекет бірігеді де, алдағы уақытта туризм саласында «Жібек жолы» деген жаңа бренд қалыптасады. Осы мемлекеттердің арасында. Және дүниежүзіне жария етіледі. Бұл тек өзіміздің  туристермен алмасу емес, басқа шетелдік азаматтарды осы «Жібек жолы» брендін көру үшін елдерімізге турист ретінде шақыру.
08 тамыз 2018 ж. 867 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031