» » Қазақстан Қырғызстанға теміржол тасымалы тарифін төмендетті

Қазақстан Қырғызстанға теміржол тасымалы тарифін төмендетті

Қазақстан Қырғызстаннан Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) өзге елдеріне теміржолмен жүк тасымалдауда бірыңғай тариф қолдана бастады.
Еуразия экономикалық комиссиясының хабарлауынша, 2017 жылы қарашада ЕАЭО соты кеңес түріндегі тұжырым қабылдаған. Ол бойынша, ЕАЭО туралы келісімге сай мұндай жүк тасымалы кезінде бірыңғай тариф қолданылуы тиіс. Бұған дейін, ЕАЭО-ның құқықтық ұйғарымдарына қарамастан Қазақстан территориясы арқылы Қырғызстанның жекелеген аймақтары және одаққа мүше елдер арасында теміржолмен жүк тасымалдау кезінде жоғары тариф қолданылып келген болатын.
«Бірыңғай тарифті қолдану одаққа мүше елдер арасында өзара сауда-саттық жасасқанда транспорт-логистикалық шығындарды азайтады», - дейді ЕАЭО-ның ішкі нарығы, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша министрлер алқасының мүшесі Карине Минасян.
16 қаңтар 2018 ж. 1 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031